ТЕКТІ ҚЫЗҒА Қарындасым, құлыным, батпа мұңға, Сен түнде намаз оқып жатқаның да. Сыртыңнан Сенің сөккен сұрқиялар, Жүреді ылғи сайтанның қақпанында. Түріп алып ақылмен ойға бәрін, Әр нәрсенің іздеңіз пайда жағын. Білесің бе?! — «саған тиген даттаулардың» Күні ертең сауапқа айналарын. Болған соң ұятың мен арың басым, Тура жолдан кадамың жаңылмасын. Білесің бе?! — Аллаһым сүйген құлын, Қиындықпен сынайтынын қарындасым. Олардан абыройың сірә басым, Ал олар өздерін кінәласын. Иманды момын ару болғаннан соң, Бұл өмірде күдіксіз сыналасың. Білемін, санасы жоқ ағалар тым, Кіжінейді күшіктей саған әр күн. Жұпыны болған соң ақыл мен ой, Бұл күні ақиқатты бағалар кім?! Көзіндегі жиналған шаңды білсе, Өйтпес еді, оранған жанды көрсе. Бірақта қарындасым, «тексіздердің — тектілерді көреалмауы заңды нәрсе. Сақтай білген жаулығымен ұяны шын, Сенде сол Аналардың тұяғысың. Сұмпайылар Ақыретте жауап берер, Момын қызға тигізген зияны үшін. Болсадайын өмірде қандай арман, Сендей қыздар турасын таңдай алған. Сәнқұмарлық шынайы сұлу қызға, Ауадағы қалықтаған шаңдай арзан. Тектім-ау, бәріне де сақта сабыр, Надандардың сөздері жақпаса біл. Момын ару ұтады, сабырлықпен, Жүрегінің төріне баптаса гүл!

Теги других блогов: поэзия религия духовность